Қияметте ата-анама нұрлы тәж кигізгім келеді
Қияметте ата-анама  нұрлы тәж кигізгім келеді

Адамда арман мен мақсат көп. Көп нәрседен үміт күтеміз. Пенде болғандықтан дүниелік армандар таусылмасы анық. Адам өзін-өзі, нәпсісін жеңуді емес, қарсылас не бақталасын жеңумен алтындай уақытын өткізіп келеді. Бүгінгі пенде кез-келген істің Number one (бірінші) болу арманы. Әттең өмірдің Алла нәсіп еткен әрбір минутын пайдалы әрі игі іске жұмсасақ...Жазушы періштелерімізді ұмытпасақ екен...

Айтпағым өзгенің арманын талқылау емес. Өзімнің асыл арманымның, өзгенің де асыл арманы болуына титтей де көмегін тигізсе деймін. Мұғаз ибн Әнастан жеткен риуаятта Алла Елшісі Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): "Кімде-кім Құранды оқып, ондағымен амал қылса, Қиямет күні Алла оның ата-анасының басына сәулесі дүние үйлеріндегі күннің сәулесінен нұрлы тәж кигізеді. Ал енді осы істі істеген адамның өзіне берілетін сый туралы не ойлайсыңдар?" деген. Бәрімізге Алла тағала бастаған ісіміздің нәтижесін берсін. Қияметте ата-анамызды тозаққа кіруге итермелеушілерден емес, тәж кигіздіретін игі ұрпақтан етсін!

sabrsabr
8 жыл бұрын 7058
3 пікір
  • Әмин.
    8 жыл бұрын
  • Бір шәкірт бала ұстазына "Ұстаз, құран жаттап жүргенімді ата-анама білдірмей-ақ қойсам бол ма?" деген екен. Ұстазы таңырқап "Неге? Мұның жақсы амал ғой! Несін жасырасың?" деп өзіне қарсы сұрақ қойыпты. Бала қиялы тәтті ғой. Сөйтсе ол шәкірттің риясыз балалық арманы бар екен. Ұстазының уәжіне "Ата-анама қияметте Алланың қалауымен нұрлы тәж кигізіп тосын сый (сюрприз) жасағым келіп еді" депті.
    8 жыл бұрын
  • Машалла!
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
0 0 0 0 0