Қияметте ата-анама нұрлы тәж кигізгім келеді
Адамда арман мен мақсат көп. Көп нәрседен үміт күтеміз. Пенде болғандықтан дүниелік армандар таусылмасы анық. Адам өзін-өзі, нәпсісін жеңуді емес, қарсылас не бақталасын жеңумен алтындай уақытын өткізіп келеді. Бүгінгі пенде кез-келген істің Number one (бірінші) болу арманы. Әттең өмірдің Алла нәсіп еткен әрбір минутын пайдалы әрі игі іске жұмсасақ...Жазушы періштелерімізді ұмытпасақ екен... Айтпағым өзгенің арманын талқылау емес. Өзімнің асыл арманымның, өзгенің де асыл арманы болуына титтей де көмегін тигізсе деймін. Мұғаз ибн Әнастан жеткен риуаятта Алла Елшісі Пайғамбарымыздың (Алланың...